Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп өркендеп, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тралы» заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, пара алу мен пара берудің жолын кесу мақсатында бүкіл қоғам болып белсенділік танытқанымыз жөн.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет ететін лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Барлық мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер туралы құжаттар үлгілері халыққа қол жетімді жерде ақпараттық стендтерде толық орналастырылуы тиіс. Әр азамат сапалы мемлекеттік қызмет алуға құқылы. Әр мекеме жұмыс тобын құра отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, оны жоюдың көздерін қарастырғаны жөн. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға бой алдыруының себептері әр түрлі. Кейбір қызметкерлердің кәсіби әдептілігінің жетіспеуі немесе жеке басының қамын ойлауы, жалақының аз болуы және т.б. себептер. Осындай қылмыстарға жол бергізбеу үшін қызметкерлерді жаппай құқықтық оқытып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен таныстырып отыруымыз қажет.

Және де бұл дертпен күресу үшін бүкіл халық болып атсалысып, оның қоғамға таралуына жол бермеу қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосып, халықтың сенімінен шығатынымыз анық. «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ 2024 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес қызмет атқарып келеді. Мекеме қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп отырады. Мүдделер қақтығысы жоқ Мекеменің кіре берісінде сенім жәшігі қойылған, сонымен қатар, 1424 телефон нөмірі ілінген.

Біз жемқорлыққа қарсымыз. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлық болмауы үшін қоғам болып бұл індетке қарсы тұрайық.

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығының заңгері К.Жарменова