ФОТОГАЛЕРЕЯ
 ФОТОСУРЕТ
 

ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Заңды мәртебесі мен құрылу тарихы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 249 қаулысымен 2004 жылдың 1-ші наурызында құрылды.

Қорық көлемі 34300 га құрайды, 2 учаскеден тұрады: Түркістан және Созақ. Қорғау аймағының көлемі – 17490 га .

Қорық заңды тұлға мәртебесі бар республикалық мемлекеттік мекеме.

Инфрақұрылым

Қорықтың бас ғимараты 2005 жылы салынған, екі қабатты ғимараттан және шағын жылу жүйесі корпусынан тұрады. Қорықтың бас ғимаратында әкімшілік-тұрмыстық кешен, қоймалық ғимараттар және гараж орналасқан. Бас ғимараттың бірінші қабатында оқу орталығы, ғылыми зертхана, ғылым бөлімі және табиғат бұрышы орналасқан. Ал екінші қабатында директордың және қызметкерлердің бөлмелері орналасқан.


   
         
   
         
   
         
   
         
   
         
   
         
   

КАРАТАУСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПРИРОДНЫЙ ЗАПОВЕДНИК


 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
All rights reserved. Copyright © "Каратауский ГПЗ" 1980 - 2018