О ЗАПОВЕДНИКЕ
    

ҚАРАТАУ ҚОРЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

Заңды мәртебесі мен құрылу тарихы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» № 249 қаулысымен 2004 жылдың 1-ші наурызында құрылды.

Қорық көлемі 34300 га құрайды, 2 учаскеден тұрады: Түркістан және Созақ. Қорғау аймағының көлемі – 17490 га .

Қорық заңды тұлға мәртебесі бар республикалық мемлекеттік мекеме.

Орналасу орны. Қорық аумағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде орналасқан, ОҚО аумағындағы Тянь-Шанның солтүстік-батыс тармағы болып келеді.

Қорықтың барлық жерлері мемлекет меншігінде, ол жерде қорықтық режим орнатылған, шаруашылық қызмет жүргізілмейді, табиғи-қорық қорының объектілерін табиғи қалпына келтіру мақсатында адамдардың табиғат құбылыстарына араласуына тиым салынған.

Қорықтың күзет аймағының солтүстік шекарасында Келіншектау тауына шыға берісінде Арпаөзен сайы, Сарымсақты, Қараүңгір, Итмұрын, Алмалы сайларының жоталары, солтүстік шығысында Ақсай, Көксай және Шіркейлі сайының бір бөлігі, одан әрі Жосалы кезі және Қырғызбай асуы орналасқан. Осының ішіне Караадыр тауының бөлігі және Босаға тауы бөлігі кіретін 5700 га резервтік жерлер бар.

Батыстан – Созақ ауданының шекарасынан бастап Байылдыр мен Түйетас өзендерінің арнасына дейін, Жынғылшық өзенінің оң жақ жағалауымен Қарағаштау тауына дейін күзету аймағына Үсенсай, Кездесай, Қызылата сайлары кіреді.

Оңтүстік жағынан күзет аймағына Қарағаш тауы Талдыбұлақ өзені арқылы Хантағы өзенінің жайылмасымен Тастыңбауы шатқалы, Сарыбайсай қосылып, Кұлжабайсайы мен Үлкенсай шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігінің шекарасы, бұрынғы Чапаев колхозының жер пайдалануында болған, Созақ ауданының шекарасына дейін Қалмаққұлаған асуы, Домбыра сайы, Атқамал шатқалы, Тосқауыл, Үшқоспа арқылы өтіп, Үшқоныс сайындағы шекараға жатады. Шығысында Аққұз жонының жартысы күзет аймағына жатады.

Инфрақұрылым

Қорықтың бас ғимараты 2005 жылы салынған, екі қабатты ғимараттан және шағын жылу жүйесі корпусынан тұрады. Қорықтың бас ғимаратында әкімшілік-тұрмыстық кешен, қоймалық ғимараттар және гараж орналасқан. Бас ғимараттың бірінші қабатында оқу орталығы, ғылыми зертхана, ғылым бөлімі және табиғат бұрышы орналасқан. Ал екінші қабатында директордың және қызметкерлердің бөлмелері орналасқан.


Общие сведения про заповедник Каратау

Юридический статус и история создания

Каратауский государственный природный заповедник был организован Постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 марта 2004 года № 249 «О создании государственного учреждения «Каратауский государственный природный заповедник ».

Площадь заповедника составляет 34300 га , которая состоит из 2 участков: Туркестанского и Сузакского. Площадь охранной зоны – 17490 га .

Заповедник имеет статус юридического лица в форме республиканского государственного учреждения. Законодательным органом управления учреждения, а также органом, представляющим по отношению к нему функции субъекта права государственной собственности с 2013 года является Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

Месторасположение. Территория заповедника расположена в Центральной части хребта Каратау, который является ответвлением северо–западных дуг Тянь–Шаня на территории Южно – Казахстанской области. Наивысшая точка хребта – гора Мынжилки – в верховьях Бессаза с отметкой 2176 м , входит в территорию заповедника. Заповедник граничит с пустынями Мойынкум, Кызылкум, Бетпак-Дала. Протяженность территории заповедника в меридиональном направлении составляет - 28,3 км . (от 68 о 31′ до 68 о 50′ восточной долготы), в широтном направлении – 23,6 км . (от 43 о 36′ до 43 о 49′ северной широты) по системе координат. Основная контора заповедника расположена на территории города Кентау находящийся 26 км от города Туркестан.

Все земли заповедника находятся в государственной собственности, где установлен заповедный режим охраны, исключена хозяйственная деятельность, запрещено вмешательство человека в естественные процессы природы с целью сохранения и восстановления объектов природного заповедного фонда.

Инфраструктура

Центральная офис заповедника построена в 2005 году, представляет собой двухэтажное здание административного корпуса с мини-котельной. На территории офиса заповедника располагаются административно-бытовой корпус, складские помещения и гараж. На первом этаже главного административного здания расположены помещения учебного центра, научной лаборатории, научного отдела и уголка природы . На втором этаже расположены помещения директора и остального персонала.


 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
All rights reserved. Copyright © "Каратауский ГПЗ" 1980 - 2018